"85 мың теңге": Еліміздегі ең төменгі жалақаның мөлшері өсетін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 542.67
  • 638.89
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"85 мың теңге": Еліміздегі ең төменгі жалақаның мөлшері өсетін болды

"85 мың теңге": Еліміздегі ең төменгі жалақаның мөлшері өсетін болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды.

  • 1 Қыркүйек 2023
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік”, – деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шара 1 миллион 800 мың адамның жағдайын жақсартуға септігін тигізеді.

“Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек.


Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты", – дейді президент. 

Перейти к новостям спорта