Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"85 мың теңгеге, әрине, өмір сүруге болады. Бірақ әр салада еңбекақының мөлшері өсуі керек. Біз қазір осы әдіспен айналысып жатырмыз", — дейді Олжас Ордабаев журналистермен кездесулердің бірінде.
Кадр сыртындағы журналист "Сонда вице-министр 85 мың теңгеге өмір сүре алады ғой? Сізге жетеді ғой?" деп нақтылады.
"Бұл жеке сұрақ болып тұр ғой. Бұл бойынша жұмыстар 2022 жылы басталды. Жыл сайын жалақы 20 пайызға көтеріліп жатыр. Сонымен қатар, жаңа методиканы осы жылы бастадық", — дейді Ордабаев.