9 айда көпбалалы отбасылар 273 млрд теңгеге жәрдемақы алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
9 айда көпбалалы отбасылар 273 млрд теңгеге жәрдемақы алды

9 айда көпбалалы отбасылар 273 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 544,9 мың отбасы жалпы сомасы 273 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде тамыз айында 543,4 мың отбасына 34 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.

  • 17 Қыркүйек 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасыларындағы:

— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;

— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;

— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;

— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;


— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе
13 800 теңге мөлшерінде.

Еске салайық, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқанын атап өтеміз.