9 айдың ішінде Астана 27 814 сырқат анықталды
Астанада денсаулық сақтау қызметкерлері ең көп таралған және қауіпті аурулардың алдын алу үшін тұрғындарды тұрақты түрде тексеруден өткізуде. |
Елорданың ресми сайтының мәліметінше, мұндай аурулардың қатарына сүт безі ісігі, жатыр мойны мен тік шек ісігі, глаукома, қан айналымының бұзылуы, балаларда кездесетін «В» және «С» гипатиті, сондай-ақ жаңа туған сәбилердегі туа біткен, тұқым қуалайтын есту кемістігі дерті жатады.
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 2012 жылдың өткен 9 айында 333 мыңнан астам адам тексеруден өткізілді. Барлық анықталған патология - 27 814, бұл жалпы тексеруден өткізілгендердің 8,3 пайызын құрайды. Қадағалап, емдеу үшін диспансерлік есепке 16 388 науқас алынды. Олардың - 85 пайызы сауығып шықты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін