9 айдың ішінде Астана 27 814 сырқат анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.78
  • 576.06
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
9 айдың ішінде Астана 27 814 сырқат анықталды

9 айдың ішінде Астана 27 814 сырқат анықталды

Астанада денсаулық сақтау қызметкерлері ең көп таралған және қауіпті аурулардың алдын алу үшін тұрғындарды тұрақты түрде тексеруден өткізуде.

  • 21 Қараша 2012
  • 331
Фото - Caravan.kz

Елорданың ресми сайтының мәліметінше, мұндай аурулардың қатарына сүт безі ісігі, жатыр мойны мен тік шек ісігі, глаукома, қан айналымының бұзылуы, балаларда кездесетін «В» және «С» гипатиті, сондай-ақ жаңа туған сәбилердегі туа біткен, тұқым қуалайтын есту кемістігі дерті жатады.

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 2012 жылдың өткен 9 айында 333 мыңнан астам адам тексеруден өткізілді. Барлық анықталған патология — 27 814, бұл жалпы тексеруден өткізілгендердің 8,3 пайызын құрайды. Қадағалап, емдеу үшін диспансерлік есепке 16 388 науқас алынды. Олардың — 85 пайызы сауығып шықты.