Төтенше жағдай басталғаннан бері ауа райының нашарлауына байланысты автожолдар 418 рет жабылып, 44 учаскеде көлік қозғалысына шектеулер қойылды. Барлық учаскелерде Блок-бекет те қойылды. Қар құрсауы кезінде 2 933 дана техника жұмыс істеді, — деді Юрий Ильин.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бірнеше күнде жылу орталықтарына 1483 адам орналастырылды (оның ішінде 128-і бала).
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан — 58, Ақмола облысы — 928, Ақтөбе облысы — 53, Қарағанды - 249, Павлодар — 195. Бірақ апаттық-құтқару жұмыстары және жолдарды тазарту жұмыстары тәулік бойы жалғасуда.
101 рет дауылдың алдын ала ескерту жарияланды (Нұр-Сұлтан — 5, Шымкент — 7, Ақмола — 13, Ақтөбе — 5, Атырау — 5, Шығыс Қазақстан — 7, Жамбыл — 2, Батыс Қазақстан — 5, Қарағанды - 5, Қызылорда — 13, Қостанай — 8, Маңғыстау -) 7, Павлодарда — 3, Солтүстік Қазақстан облысында — 7, Түркістанда — 8). "Қауырт желі" ұйымдастырылды (454 қоңырау түсті). Көрсетілген кезеңде барлығы 3377 адам, оның ішінде 265 бала эвакуацияланды. 2933 бірлік техника шығарылды, — деді ол.