9 мамыр - Жеңіс күні - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
9 мамыр - Жеңіс күні

9 мамыр - Жеңіс күні

Құрметті оқырмандар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Биыл тарихи күнді ғана емес, Жеңістің 80 жылдық мерейтойын да атап ө

  • 9 Мамыр
  • 2
ФОТО: fnn.kz

Құрметті оқырмандар! Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Биыл тарихи күнді ғана емес, Жеңістің 80 жылдық мерейтойын да атап өтіп жатырмыз. Осынша уақыт бойы бейбіт аспан астында өмір сүріп келе жатқанымыз – ата-бабаларымыздың ерлігі мен жанқиярлығының арқасы. Сол үшін алғысымыз шексіз!

Соғыс жылдарында Қазақстаннан майданға 1,2 миллионнан астам адам аттанды. 600 мыңға жуық қазақстандық қайтып оралмай, Жеңіс үшін жан қиды. Елімізде 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы мен 50-ге жуық дербес полк пен батальон құрылды. Миллиондаған адам тылда еңбек етіп, Жеңіске үлес қосты.

Ата-бабаларымыздың ерлігін әрдайым ұмытпаймыз, есте сақтап, құрметтейміз. Батырларға тағзым етеміз! Олардың ерен ерлігі – бүгінгі ұрпаққа рухани тірек әрі бағыт. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, асыл жандардың махаббаты мен қамқорлығын, бейбіт өмір мен игілік тілейміз!