9 мыңға жуық қазақстандық жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.63
  • 535.13
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
9 мыңға жуық қазақстандық жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алды

9 мыңға жуық қазақстандық жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алды

2024 жылдың басынан бері 9 мыңға жуық қазақстандық жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алды

  • 12 Қыркүйек
  • 2
© Sputnik / Владислав Воднев

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға берілуге тиіс 9 000 гранттың 8 941-і табысталды.

Қайтарымсыз грант:

мал шаруашылығына – 2 331,

өсімдік шаруашылығына – 101,

құрал-сайман, еңбек құралдарын сатып алуға – 2 425,

технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 3 941,

орын жайды жалға алуға – 143 берілді.

Алушылардың санаты бойынша:

көпбалалы отбасылардың мүшелеріне – 5 646,

мүгедектігі бар адамдарға – 1 446,

мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға – 1 045,

атаулы әлеуметтік көмек алушыларға – 253,

асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға – 365,

қоныс аударушыларға – 151,

қандастарға – 35 грант берілді.

Үміткерлерден барлығы 30 мыңнан астам қабылданды.

«Өтінімдердің ең көп саны Түркістан (5,4 мың), Қызылорда (3,3 мың), Жамбыл (3 мың) облыстары мен Шымкент қаласының (2,4 мың), ал ең аз саны Ұлытау (221) және Қостанай (490) облыстарының үміткерлерінен келіп түсті», — деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, гранттарды еңбек мобильділігі орталықтары үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссияның шешімі негізінде береді.

Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырыстарында таныстырады. Комиссия отырысының өткізілетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама Business.enbek.kz порталында грант алуға өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.

Келесі жылы да 9 мың грант беру көзделген.