9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
![]() |
Қазақстанның басым аумағы фронталды ағымдардың ықпалында болады, соған байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ орнап, екпінді жел соғады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен. |
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Алматы облысында Жалаңашкөл маңында 20-25 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қарлы бұрқасынмен 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді.
Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ орнап, 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қарлы бұрқасын болып, көктайғақ орнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алдағы тәуліктерде республиканың жекелеген таулы өзендерінде мұз қату үрдістеріне байланысты су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін