Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
Алматы облысында Жалаңашкөл маңында 20-25 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 30 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қарлы бұрқасынмен 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді.
Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ орнап, 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қарлы бұрқасын болып, көктайғақ орнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Алдағы тәуліктерде республиканың жекелеген таулы өзендерінде мұз қату үрдістеріне байланысты су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.