Жарияланды: 940

9 қараша. АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

9 қараша. ЖҰМА

Камбоджа Корольдігінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1953). Франция Камбоджаның жоғарғы билігін Нородом Сиануктың үкіметіне берді. Камбоджа - Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстік-шығысында Лаоспен, шығысында және оңтүстік-шығысында Ветьнаммен, батысында және солтүстік-батысында Таиландпен, оңтүстік-батысында Таиланд шығанағымен шектеседі. Астанасы - Пномпень. Мемлекеттік тілі - кхмер. Ақша бірлігі - жаңа риель. Қазақстан Республикасы мен Камбоджа Корольдігінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы ақпанның 25-інде орнатылылды. Халықаралық фашизмге, нәсілшілдікке және антисемитизмге қарсылық күні. 1938 жылғы қарашаның 9-ынан 10-ына қараған түні «Хрусталь түні» немесе «Витриналар қиратылған түн» аталған Германиядағы еврейлерді жаппай ойрандау басталды. «Хрусталь түні» немесе «Витриналар қиратылған түн» Холокостың - ақыр соңы 6 000 000 еврейді қазаға ұшыратқан, еврей халқына қатысты жаппай зорлық-зомбылық көрсетудің бастамасы еді. Украин жазуы мен тілі күні. Украина президентінің 1997 жылғы жарлығымен бекітілген және жыл сайын славян жазуының құдіретті тұлғалары Кирилл мен Мефодийдің ізбасары - украиндық шежіреші Нестордың құрметіне аталып өтеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күн. 2004 жылдан бастап жыл сайын аталып өтеді. БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған (2003 жылғы қарашаның 21-дегі №А/RES/58/4 қарар). ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 7 жыл бұрын (2005) Байқоңыр ғарыш айлағынан «Венера-Экспресс» еуропалық ғарыш аппараты бар «Союз-ФГ» зымыран тасымалдағышы ұшырылды. 6 жыл бұрын (2006) Қазақстанның еңбекші әйелдерінің бірінші конгресі өз жұмысын бастады. 8 жыл бұрын (2004) 9-11 қарашада Астанада «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық конкурсы өтті. Оған 100-ден астам отандық кәсіпорындар қатысты. Конкурстың басты мақсаты - импортпен нақты күреске қатысу, нарықты меңгеру, отандық өнімге сенім тапшылығын жою, кәсіпорындардың өнім сапасын арттыру бағытындағы іс-қимылдары мен жетістіктерін ынталандыру, кәсіпорындар басшылары мен мамандарын сапа жүйесін енгізуге бағдарлау. 8 жыл бұрын (2004) Өскеменнің Өнер мұражайында «Самородок» ерікті суретшілер клубының беташар рәсімі болып өтті. Вернисажда облыстың алыс аудандарынан жеткізілген, жаңа толқын өкілдері саналатын 10 суретшілердің және танымал жергілікті 21 суретшінің туындылары қойылды. 6 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы Келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды. 21 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің қаулысымен Қазақстанның А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді. 16 жыл бұрын (1996) Елбасы Жарлығымен Желтоқсан көтерілісіне қатысып, құрбан болған боздақ Қайрат Рысқұлбековке жоғары ерекшелік белгі - «Халық Қаһарманы» атағы берілді. 15 жыл бұрын (1997) Тегранда ислам әлемінің экологиялық апаттардан зардап шеккен аймақтарына: Арал теңізінің бассейні мен Семей ядролық полигон аймағына көмек көрсету туралы Қарар қабылданды. 4 жыл бұрын (2008) Қарағандыда ұлы ғалым және ойшыл Абайға арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қатысты. Ескерткіш авторы - мүсінші Асқар Нартов. Бес метрлі мүсін Қарағанды облысының көркемдік-өндірістік комбинатында құйылған. 3 жыл бұрын (2009) Алматыда белгілі кинооператор, халық әртісі, кинематографистер одағының мүшесі Ескендір Тынышбаевтың 100 жылдығына арналған пошталық маркасы шығарылды. Ескендір Тынышбаев (1909-1995) - қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби кинооператор. Оның операторлығымен «Дала қызы», «Оның заманы келеді», «Бізді таны», «Біз Жетісуданбыз» сынды ондаған көркем, жүздеген деректі, ғылыми-танымдық фильмдер түсіріліп, Қазақстан киносының «алтын қорына» енгізілген. Пошта маркасында Е.Тынышбаевтың кинокамерамен түскен суреті бейнеленген. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. 3 жыл бұрын (2009) Алматыда «Мой бизнес. Казахстан» журналының алғашқы саны жарыққа шықты. Құрылтайшысы «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Delta press publishing house» ЖШС-і болып табылады. Басылымның мақсаты шағын және орта бизнес өкілдеріне ақпараттық қолдау көрсету болып табылады. ЕСІМДЕР 64 жыл бұрын (1948) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің мүшесі ЖҰМАБЕКОВ Оңалсын Исламұлы дүниеге келді. Талдықорған облысының Ақсу ауданы «Қызылорақ» колхозында туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы Талдықорған облысы Ақсу ауданының «Жаңақоғам» совхозында жұмысшы болып бастаған. 1974-1980 жж. - Алматы қаласы Әуезов ауданы прокуратурасының тергеушісі. 1980-1985 жж. - Қазақ КСР Прокуратурасы Тергеу комитетінің прокуроры, Қазақ КСР Прокурорының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшісі, Алматы қаласы Фрунзе ауданының прокуроры. 1985-1990 жж. - Алматы облысы прокурорының орынбасары. 1990-1994 жж. - Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары. 1994-1996 жж. - Алматы облысының прокуроры. 1996-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2003-2005 жж. - Қазақстан Республикасының Әділет министрі. 2005-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы. 2007-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары. 2008-2012 жж. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы. 2012 жылғы қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша сайланған. 2-дәрежелі «Даңқ» (2001), «Парасат» (2009) ордендерімен марапатталған. 73 жыл бұрын (1939-1994) қырғыз киноактері, суретші, Қырғыз КСР-інің және КСРО-ның халық әртісі, Қырғыз КСР-інің халық суретшісі ЧОКМОРОВ Сүйменқұл дүниеге келді. Қырғыз Республикасында туған. Бішкек көркемсурет училищесін, Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербор) кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірген. Бішкек көркемсурет училищесі директорының орынбасары, оқытушысы болған. 1987-1991 жылдары - Қырғызстан Суретшілер одағының төрағасы. «Тау жолы», «Ұзату», «Автопортрет», «Ана», «Манасшы» және Саяқбай Каралаевтың, актерлер А.Жаңқоразованың, С.Жұмаділовтің портреттерінің авторы. 1968 жылдан киноға түскен. М.Әуезовтің «Қараш-Қараш» пен «Көксерек» шығармасы бойынша қойылған фильмдерде Бақтығұл мен Ақанғұлдың рөлін орындап, актерлік үздік шеберлігімен ерекше көзге түсті. Өзбек КСР-і және Қырғыз КСР-і Мемлекеттік сыйлықтарының, Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының, Қырғызстанның Халықаралық Ш.Айтматов клубы мен «Алтын көпір» сыйлықтарының лауреаты. Қырғыз КСР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған. «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 53 жыл бұрын (1959) генерал-майор, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлықтағы әскерлер қолбасшысы МАЙКЕЕВ Мұрат Жәлелұлы дүниеге келді. Ақтөбе қаласында туған. И.С.Конев атындағы Алматы жоғарғы жалпы-әскери командалық училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. 1980-1994 жылдары - Германиядағы Кеңес әскерлері тобында Забайкалье Әскери округінде взвод, рота командирі, мотоатқыштар батальонының штаб бастығы, командирі. 1994-1998 жылдары - Республикалық гвардияның 1-інші полкінде әскери дайындық бөлімінің жоспарлау және бақылау бөлімінің бөлімше бастығы, қамтамасыз ету батальонының командирі, бригада командирінің орынбасары, полк командирі. 1998-2000 жылдары - мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары. 2000-2002 жылдары - Сарыөзек қаласындағы Оңтүстік әскери округінің мотоатқыштар дивизиясының командирі. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс департаментінің бастығы - Бас штаб бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2003 жылдан - ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы. 2009 жылдан - ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2010 жылдан бері. 2-дәрежелі «Айбын», Отанға қызметі үшін» ордендерімен, медальдармен марапатталған. 48 жыл бұрын (1964) экономика ғылымдарының кандидаты, «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқарма төрағасы СМАНҚҰЛОВ Асқар Сұлтанұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет) бітірген. «Ремдортехника» өндірістік бірлестігінің цех шебері, «Юнитек-Казэкспоцентр» БК Алматы филиалы директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1997-2002 жылдары - «КазТрансОйл» ЖАҚ-ның вице-президенті. 2002-2004 жылдары - «КазТрансОйл» ЖАҚ-ның бас директоры, 2004 жылғы қаңтардың 5-нен - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ президенті аппаратының жетекшісі. 2004-2009 жылдары - Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2009 жылғы ақпанның 24-нен. «Қазақстан Тәуелсіздігіне - 10-жыл», «Шапағат» медальдарымен марапатталған. 38 жыл бұрын (1974) саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты, «Беркут-Мониторинг» зерттеу компаниясының директоры ҮМБЕТӘЛИЕВА Толғанай Бөденқызы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген. 2002-2003 жылдары Германиядағы Гумбольдт университетінде тәжірибеден өткен. 1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мұрағат және құжаттаманы басқару жөніндегі комитет жанындағы құжат жүргізу және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық орталықтың әдіскері, жетекші маманы. 2000-2001 жылдары - Ортаазиялық саяси зерттеулер агенттігінде саяси талдау қызметінің ғылыми қызметкері. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми хатшысы. 2004-2005 жылдары - «Репутация» коммуникативтік технологиялар орталығының талдаушысы. 2006-2007 жылдары - Германиядағы Europa Universitaet Viadrina университетінің оқытушысы. 2007-2008 жылдары - «Альтернатива» ділгір зерттеулер орталығының Сыртқы байланыстар жөніндегі директорының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан. «Саяси технологиялар» кітабының, 30-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы. 32 жыл бұрын (1980) шахматшы, халықаралық шебер, шахмат қайраткері, жаттықтырушы БАБАТАЕВА Индира Жағыпарқызы дүниеге келді. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. «Қайнар» университетін бітірген. Шахмат ойнауды 11 жасында бастаған. Алғашқы жаттықтырушысы - Кеттебеков Бедербек Төркешұлы . 1995 жылы 16 жасқа дейінгі қыздар арасында, 1998 жылы 18 жасқа дейінгі қыздар арасында, 2000 жылы 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанған. 1996 жылы Испанияның Майорка қаласында өткен 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы, 1998 жылы 18 жасқа дейінгі қыздар арасында (96 ел, 15 орын) өткен Әлем біріншілігіне қатысқан. Азия мемлекеттері арасында Иранда өткен біріншілікте 4-орынға ие болған. 2001 жылы Алматы қаласындағы Испан мәдениеті және білім бөлімінде «Индира Бабатаева» атты шахмат мектебін ашқан. 2002 жылы Алматы қаласында Кәсіпкерлер арасында Халықаралық турнир ұйымдастырған. 2003 жылы Испанияда өткен әйелдер арасындағы Халықаралық турнирде екінші орынға ие болып, осы жылы Хорват елінде өткен әйелдер арасындағы Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған. 2010 жылы Ханты-Мансиске қаласында өткен Әлем біріншілігіне қатысқан. 56 жыл бұрын (1956) ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары КҮРЕҢБЕКОВ Амантай Жанкеұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғарғы курсын тәмәмдаған. 1979-1981 жылдар аралығында Кеңес Әскері қатарында қызмет атқарды. 1982-1983 жылдар аралығында Қазақ КСР-дің мемлекеттік құрылысында қызмет етті. 1983-1992 жылдар аралығында Қазақ КСР, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әртүрлі жедел қызметтерінде қызмет етті. 1992-2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде басшы лауазымдарда қызмет атқарған. 2001-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымында. 2009 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары. 2005 жылдың мамырында генерал-майор атағы берілді. 2 дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. 211 жыл бұрын (1801-1874) американдық құнарландыылған сүтті ойлап тапқан өнертапқыш Гейл БОРДЕН дүниеге келді. 194 жыл бұрын (1818-1883) орыс жазушысы ТУРГЕНЕВ Иван Сергеевич дүниеге келді. 135 жыл бұрын (1877-1959) итальян заңгері, журналист, саясаткер, 1946-1948 жылдардағы Итальян республикасының брінші президенті Энрико де НИКОЛА дүниеге келді. 108 жыл бұрын (1904-1966) Пензада алғашқы сағат өндірісін ұйымдастырушы СКОРНЯКОВ Виктор Николаевич дүниеге келді. 83 жыл бұрын (1929) кеңестік және ресей композиторы, әндердің авторы, КСРО халық әртісі ПАХМУТОВА Александра Николаевна дүниеге келді. 78 жыл бұрын (1934-1996) американдық астронавт, ғарыштың биологияның ізашары Карл САГАН дүниеге келді. 76 жыл бұрын (1936-1992) кеңес шахматшысы, гроссмейстер, шахматтан әлемнің 8-чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері ТАЛЬ Михаил Нехемьевич дүниеге келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін