9 рет теракт туралы жалған хабар берген алматылық 6 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
9 рет теракт туралы жалған хабар берген алматылық 6 жылға бас бостандығынан айырылды

9 рет теракт туралы жалған хабар берген алматылық 6 жылға бас бостандығынан айырылды

9 рет теракт туралы жалған хабар берген алматылық 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Қараша 2015
  • 314
Фото - Caravan.kz

35 жастағы Клещатов В.С. биыл тамыздың 19-ында түскі 11:25 шамасында өз ауласында отырып, 112 кезекші пультына ұялы телефоны арқылы 9 рет қоңырау шалған. Ол бірер сағатта қалада теракт болатынын, жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған.

Жедел әрекет еткен құзырлы орган өкілдері ешқандай жарылғыш зат таппады.

№2 Бостандық аудандық  сотының шешімімен бұрын сотталмаған В.С.Клещатов ҚР ҚК 273-бабы бойынша айыпты деп танылып, жазасын қоныс колониясында өтейтін болды.


Соңғы жаңалықтар