"9 жыл блог жүргізуге рұқсат бермеді": Жүсіп Ақшораның келіні блогер болуына тыйым салынғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"9 жыл блог жүргізуге рұқсат бермеді": Жүсіп Ақшораның келіні блогер болуына тыйым салынғанын айтты

"9 жыл блог жүргізуге рұқсат бермеді": Жүсіп Ақшораның келіні блогер болуына тыйым салынғанын айтты

Шаншар театрының актері Жүсіп Ақшораның келіні Динара Сайлаубайқызымен түсірген видеолары мыңдаған қаралым жинап, көпшіліктің көңілінен шығуда.

  • 28 Ақпан
  • 217
Фото - Caravan.kz

Жүсіп Ақшора блог жүргізу келінінің идеясы екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Бұл — келіннің идеясы. Келін болашағымыз болғаннан кейін тыңдаймыз ғой. Біз өзіміздің жұмысымызбен жүрген адамбыз. Келін идеясын айтты, мен бірден келістім. Менікі келінге көмектесу. Ата, әзіл түсірейік, мен де блогер болсам деп айтты. Негізі біздің келіннің өзі әнші, актриса, әртіс. Біздің бала шығармай қойған. Енді-енді шығып жатыр", — дейді  ол.

Алайда, актердің келіні 9 жыл бойы блогер болуға рұқсат ала алмағанын айтты.

"Келін болып түскеніме биыл  10 жыл. Биыл ғана, 9 жылдан кейін ғана жолдасым рұқсатын берді. Мүмкін, әулетке еңбегін сіңірсін, біраз келіндік қызметін атқарсын деген шығар. Басында қарсы болғанымен, қазір рұқсат берді. Себебін сол кісіден сұрау керек. Жалпы 2-3 жылдан бері блог жүргізсем, блогер болсам деп жүргем. Өйткені сондай дүниелерге жаным жақын, өнерге оқығам", — дейді Динара Мейірбекова.

Желі қолданушылары келінін қолдаған актерді жер-көкке сыйғызбай мақтауда. 

"Жүсіп аға керемет адам", "Бұл кісі легенда ғой", "Әзілің жарасса атаңмен ойна деген осы ғой", "Осындай аталар көп болсын", "Күшті қайыната екен", "Қарапайымдылықтың эталоны", "Қайыната мен келіннің топырағы бір екен", — деп жазды олар.