Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлады.
Белгілі болғандай, кәсіпкерлер бұл қаражатты аурухананың банктік шотына келісімшарттардың орындалуына кепілдік ретінде салып отырған.
Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, заңда мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына келісімшарт құнының 3% енгізіп, орындалуын қамтамасыз етіп отырған.
Міндеттемелер орындалғаннан кейін бұл ақша кәсіпкерге қайтарылады. Аудандық аурухананың есепшісі ретінде азамат Д. оларды өз шотына аударып, иемденген.
"Талдау аясында Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 миллион теңгеге бұзушылықтарды анықтады. Бұл сома 25 кәсіпкерге қайтарылуға тиіс. Прокуратураның қадағалау актісімен ақшалай қаражаттың бір бөлігі бизнес субъектілеріне өтелді", – деп хабарлады қадағалау ведомствосынан.