9-10-маусымда Астанада энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан-АҚШ бірлескен комиссиясының ІІІ отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
9-10-маусымда Астанада энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан-АҚШ бірлескен комиссиясының ІІІ отырысы өтеді

9-10-маусымда Астанада энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан-АҚШ бірлескен комиссиясының ІІІ отырысы өтеді

9-10-маусымда Астанада энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан-АҚШ бірлескен комиссиясының ІІІ отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Маусым 2004
  • 442
Фото - Caravan.kz

Отырысқа қатысу үшін АҚШ энергетика министрінің бірінші орынбасары Кайл МакСлэроу елімізге келеді. Отырысқа комиссия құрамындағы төрт жұмыс тобы, атап айтсақ, мұнай және газ, электр қуаты және қоршаған ортаны қорғау, баламалы энергетикалық және өнеркәсіптік ядролық технологиялар жөніндегі жұмыс топтары қатысады.

Отырыс қорытындысы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, онда комиссияның алдағы жұмыс жоспары айқындалады.
Энергетикалық әріптестік жөніндегі Қазақстан-АҚШ бірлескен комиссиясы екі ел арасында ұзақ мерзімді энергетикалық әріптестік орнатып дамыту үшін 2001-жылдың желтоқсан айында құрылған. Қазақстан жағынан комиссияға ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник, АҚШ жағынан осы елдің энергетика министрі Спенсер Абрахам тең төрағалық етеді.
Қазақстан-АҚШ бірлескен комиссиясының соңғы отырысынан бері мұнайгаз нысандарын қорғау жөніндегі жобалар табысты жүзеге асырылып, өзара ақпарат алмасу үрдісі жолға қойылып, Американдық энергетикалық компаниялардың Қазақстандағы сауда-саттық миссиясы ұйымдастырылды.