9/11 лаңкестігін ұйымдастырды деген күдіктілерге қайтадан айыптар тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
9/11 лаңкестігін ұйымдастырды деген күдіктілерге қайтадан айыптар тағылды

9/11 лаңкестігін ұйымдастырды деген күдіктілерге қайтадан айыптар тағылды

АҚШ Әскери прокуратурасы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік әрекетті ұйымдастыруға қатысы бар деген бес күдіктіге,

  • 1 Маусым 2011
  • 364
Фото - Caravan.kz

олардың қатарында Халид Шейх Мохаммед те бар, қайтадан айып тағып отыр. 2009 жылдың қаңтарында Президент Барак Обама Гуантанамо түрмесіндегі әскери прокуратураның барлық қызметін тоқтату туралы өкім шығарып, атышулы мекемені жабуға уәде бергеннен кейін, аталған күдіктілерге тағылған бұрынғы айыптаулардан бас тартуға тура келген болатын, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Дегенмен, Президенттің ол уәдесі орындалусыз қалды. Конгрестен қолдау таппаған соң, Обама 2011 жылдың наурыз айында Гуантанамо түрмесінде отырған күдіктілерге қатысты әскери соттарды қайта жандандыру туралы нұсқау берді. Ал сәуір айының басында АҚШ Бас прокуроры Эрик Холдер 9/11 ісі бойынша айыпталған Халид Шейх Мохаммед пен тағы төрт азаматтың АҚШ Азаматтық сотына емес, Гуантанамо базасындағы арнайы әскери комиссияның алдында жауап беретінін қуаттады.

Соңғы жаңалықтар