Жарияланды: 360

97 жастағы кейуана ауруханаға жұмысқа тұрды

АҚШ экономикасын тұралатын отырған бүгінгі ең ауыр проблемалардың бірі - жұмыссыздықтың жоғары деңгейі.

Дегенмен, жұмыс тауып бағы жанғандар да аз емес. Солардың бірі - 1,5 жыл бойы жұмыс іздеп, ауруханаға орналасқан 97 жастағы Мэри Почин, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі. Кейуана Уорвик қаласындағы (Род Айленд штаты) Кент ауруханасына жұмысқа тұрған. Оның міндеті - келушілер мен пациенттерді есік алдында қарсы алу және оларға қажетті ақпарат беру. «Жыл сайын мен жұмыс іздеушілердің 1 мыңға жуық өтінішін қараймын. Бірақ Мэримен танысқаннан кейін, оның шын мәнінде жұмыс істегісі келетінін түсіндім. Оған қоса, оның адамдарды өзіне тарта білетін қасиеті бар», - дейді аурухананың вице-президенті Дэвид Кэмпбелл. Почин ханым, өзінің ең алғаш рет жұмысқа сонау 1930 жылы даяшы болып тұрғанын еске алады. Ал оның соңғы жұмыс орны жылжымайтын мүліктер агенттігі болыпты, ол жерден кейуана 2010 жылдың қаңтар айында қысқартылып шығып қалған екен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть