97 жастағы кейуана ауруханаға жұмысқа тұрды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
97 жастағы кейуана ауруханаға жұмысқа тұрды

97 жастағы кейуана ауруханаға жұмысқа тұрды

АҚШ экономикасын тұралатын отырған бүгінгі ең ауыр проблемалардың бірі - жұмыссыздықтың жоғары деңгейі.

  • 6 Маусым 2011
  • 346
Фото - Caravan.kz

Дегенмен, жұмыс тауып бағы жанғандар да аз емес. Солардың бірі — 1,5 жыл бойы жұмыс іздеп, ауруханаға орналасқан 97 жастағы Мэри Почин, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Кейуана Уорвик қаласындағы (Род Айленд штаты) Кент ауруханасына жұмысқа тұрған. Оның міндеті — келушілер мен пациенттерді есік алдында қарсы алу және оларға қажетті ақпарат беру.

«Жыл сайын мен жұмыс іздеушілердің 1 мыңға жуық өтінішін қараймын. Бірақ Мэримен танысқаннан кейін, оның шын мәнінде жұмыс істегісі келетінін түсіндім. Оған қоса, оның адамдарды өзіне тарта білетін қасиеті бар», — дейді аурухананың вице-президенті Дэвид Кэмпбелл.

Почин ханым, өзінің ең алғаш рет жұмысқа сонау 1930 жылы даяшы болып тұрғанын еске алады. Ал оның соңғы жұмыс орны жылжымайтын мүліктер агенттігі болыпты, ол жерден кейуана 2010 жылдың қаңтар айында қысқартылып шығып қалған екен.

Соңғы жаңалықтар