99 пайыз ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттен жалға алынып пайдаланылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
99 пайыз ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттен жалға алынып пайдаланылып отыр

99 пайыз ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттен жалға алынып пайдаланылып отыр

Бүгінгі күні 99 пайыз ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттен жалға алынып пайдаланылып отыр.

  • 5 Қараша 2012
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров осылай мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, шаруашылық субъектілері ең бірінші кезекте ішкі жерге орналастыру жүйесіне, оның ішінде ауыспалы егістерге өздері қызығушылық білдіруі, яғни мүдделі болуы керек. Сонымен қатар оларды жүргізу экономикаға және ауыл шаруашылығы өндірісін әр тараптандырудың тағдырына байланысты болып табылады және де бұл Мемлекет басшысы тұрақты түрде көтеріп жүрген өңірлердегі шаруа қожалықтары және агроқұрылымдарды ірілендіруге алғы шарт болып табылады.

«Бұдан тыс, аталған шара ауыспалы егістер енгізу жерлерді жоспарлы түрде және тиімді пайдалануға жол ашады. Сонымен қатар ол ағымдағы жылдың наурыз айында күшіне енген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын сақтауға ықпал жасайды. Осы орайда, бүгінгі күні 99 пайыз ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттен жалға алынып пайдаланылып отырғанын ескерсек, бұл аса қажетті өзекті мәселе», — дейді Қ. Отаров.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жер учаскелерінің жалдау шарттарын қайта жасау жұмыстары 73 пайызға орындалған.

Соңғы жаңалықтар