Ә. Бәйменов мемлекеттік қызметті сағыныпты
![]() |
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің жаңа басшысы Әлихан Бәйменов мемлекеттік қызметті сағынғанын айтып, ағынан жарылды. |
«Мен мемлекеттік қызметте не болып жатқанынан үнемі хабардар едім. Сарапшы ретінде барлық тұжырымдамалық құжаттардың талқылауына қатыстым.Енді жұмыс басталады, мемлекеттік қызмет қоғамның талаптарына көбірек жауап беруі үшін атқарылатын істер көп. Шынын айтсам, мен мемлекеттік қызметті сағындым», - деп мәлім етті сейсенбі күні Ә.Бәйменов.
Бұрын хабарланғандай, Ә. Бәйменов 1 шілдеде президенттің жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін