А. Батталов: заңнамада апаттан баспанасыз қалғандарға тегін баспана беру жөнінде түзетулер енгізу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Батталов: заңнамада апаттан баспанасыз қалғандарға тегін баспана беру жөнінде түзетулер енгізу керек

А. Батталов: заңнамада апаттан баспанасыз қалғандарға тегін баспана беру жөнінде түзетулер енгізу керек

Заңнамада ірі ТЖ салдарынан баспанасыз қалғандарға тегін баспана беру туралы түзетулер енгізу керек, деп Алматы облысының әкім орынбасары Амандық Баталов мәлім етті.

  • 27 Мамыр 2011
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Ірі төтенше жағдайлардың салдарын жою тәжірибесін ескере келіп… ірі апат салдарынан баспанасыз қалғандарға жаңа тұрғызылған үйлерден жеке меншікке тегін баспана беру туралы заңнамаға түзетулер енгізу процедурасын шешуді ұсынамыз», — деді жұма күні А. Баталов депутаттық «Өңір» тобының ТЖМ мәселелерін қараған отырысында.

«Біз қайда жүгінсек те ешқандай қолдау таппадық, енді өз мәслихатымыз арқылы тәуекелмен сондай шешім шығарып отырмыз», — деді ол.

Бұл ретте ол «Тұрғынүй қатынастары туралы» заң бойынша мемлекеттік қордың баспанасы азаматтарға жеке меншікке қалдық құнымен берілетінін еске салды.

«Қызылағаш су қоймасындағы тасқын су салдарын жою кезінде құқықтық-нормативтік базалар жоқ болса да шешуді қажет еткен проблемалар туындады. Қалыптасқан жағдайда біз, іс жүзінде, олардың барлығына (зардап шеккендерге – ҚазТАГ) жерді пайдалануына акті, қабылдау комиссиясының актін бердік, ал бүгінге дейін оларға техникалық төлқұжаттарын тапсыру біз үшін мүмкін болмай отыр», — деді ол.