А. Голубев АТР турнирінің финалында әлемнің 8-ші ракеткасы М. Южныйдан ұтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Голубев АТР турнирінің финалында әлемнің 8-ші ракеткасы М. Южныйдан ұтылды

А. Голубев АТР турнирінің финалында әлемнің 8-ші ракеткасы М. Южныйдан ұтылды

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Куала-Лумпурда өтіп жатқан Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) турнирінің финалында әлемнің 8-ші ракеткасы ресейлік Михаил Южныймен бақ таластырып, тартысты ойында жеңіліс тапты.

  • 5 Қазан 2010
  • 612
Фото - Caravan.kz

2,5 сағатқа созылған матчта екі тай брек тіркелді. Ойын қорытындысы бойынша -7:6, 2:6, 6:7 есебімен М. Южный жеңіске жетті.

Қазанның 2-сі күні өткен жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Андрей Голубев, АТР рейтингісінің 11-ші орнында орналасқан испандық Давид Феррераны 7:5, 7:6 есебімен ұтты. Д. Феррера өз кезегінде бұның алдындағы кездесуде ATP рейтингісіндегі сербиялық Томаш Бердыхтың алдын орағаны есімізде.

Ал осының алдында ғана өткен ширек финалдық матчта жерлесіміз әлемнің 5-ші ракеткасы Робин Содерлингпен кездесіп, бұнда да екі сетте (6:3, 6:2) жеңіске қол жеткізгендігін айта кетейік. А. Голубевтің бұл Әлемдік рейтингтің бірінші ондығындағы ойыншыларды үшінші рет тізе бүктіруі. Гамбургте өткен турнирде Андрей рейтингтің 6-шы сатысындағы Николай Давыденконы ұтқаны бар.

Кешегі жеңілісіне қарамастан, Қазақстанның теннис федерациясы А. Голубевтің бұл турнирдегі ойнын өте жақсы деп бағалауда. «Астанадағы Дэвис кубогі жолындағы жарыстан кейін де Андрей Голубев тамаша деңгейін сақтап отыр», дейді Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметі. «Бұған ATP турниріндегі кездесулері дәлел. Содерлинг, Ферер, Южный — Андрейге қарағанда, рейтингтің әлдеқайда жоғары сатыларында орналасқан тісқаққан теннисшілер. Ол финалға Феррераны өткізген жоқ. Феррера болса, бұның алдында Қазақстан құрамасының Дэвис Кубогі жолындағы жарыстағы кезекті қарсыласы сербиялық Томаш Бердыхты жеңген. Соған қарап біздің жанкүйерлер алдағы Чехияда өтетін Дэвис кубогі додасындағы ойында жеңіске үміті зор болады».

А. Голубев АТР турнирінің ақтық сайысына осымен үшінші рет жолдама алды. Ол шешуші матчқа алғаш рет 2008 жылы Санкт-Петерборда қол жеткізді. Онда А.Голубев британдық Энди Марреден 1:6, 1:6 есебімен жеңілген болатын. 2010 жылдың шілде айында қазақстандық теннисші Гамбургте өткен АТР турнирінде жеңіске жетіп, бұл турнирде жеңіс тұғырына жеткен Қазақстанның алғашқы теннисшісі атанды. Турнирдегі 6 матчта Андрей бірде-бір сетте ұтылмай, әлемнің 13-ші ракеткасы Юрген Мельцерды басып озған болатын.

Куала-Лумпурдағы АТР сериясындағы теннис турнирінің жүлде қоры 850 мың АҚШ долларын құрайды.

АТР (Association of Tennis Professionals) — Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы теннистегі кәсіби ойыншылардың мүдделерін қорғау және өкілдік ету мақсатында 1972 жылы құрылды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера