деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Бірінші айналымда Голубев француз Оливьер Патинсті үш сетте тізе бүктірді. Есеп — 6:2, 5:7, 6:2. Қазақстандықтың келесі қарсыласы аргентиналық теннисші Федерико Делбонис болмақ. Екінші айналымға шыққан А. Голубев өзіне 1830 еуро көлемінде сыйақы мөлшерін қамтамасыз етті.
Сонымен қатар бұл турнирге тағы бір қазақстандық теннисші Юрий Щукин қатысуда. Ол бүгін, сейсенбіде португалиялық Руй Мачадомен бақ таластырады.
А. Голубев пен Ю. Щукин турнирдің жұптық сындарында да күш сынап көрмек. Алғашқы ойынды олар Польша спортшылары Адам Шадай/Павел Класс жұбымен өткізеді.