Жарияланды: 560

Ә. Исекешов: биыл 200-ден астам жаңа өндіріс орындары ашылады

Биылғы жылдың соңына дейін елімізде 200-ден астам жаңа өндіріс орындары ашылады. Бұл туралы бүгін «Шағын және орта бизнесті дамытудағы жүйеқұраушы кәсіпорындардың рөлі» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Үкімет басшысының орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов мәлім етті.

Оның айтуынша, аталмыш өндіріс ошақтарына бөлінген инвестицияның жалпы көлемі 730 миллиард теңгені құрайды. «Басқаша айтқанда, шағын және орта бизнеске арналған платформа сәтті жүзеге асуда. Бұл реттегі тағы бір маңызды мәселе мемлекетіміздің ірі жүйеқұраушы компанияларға қатысты қолданып отырған саясатына қатысты. Бұл мәселе бойынша біз «Өнімділік - 2020» бағдарламасы аясында көптеген кәсіпорындарға аудит жүргіздік. Бұдан бөлек 150-ден астам шағын және орта бизнес субъектілерінің жай-күйі сараланды. Осы бағыттағы жұмыстармен қамтылған ірі жүйеқұраушы кәсіпорындар саны 42-ні құрайды. Бұл аудиттен байқағанымыз экономикамыздың ірі ошақтары саналатын аталмыш кәсіпорындарда құрылғылар әбден ескірген. Сондықтан қазір бұл ірі кәсіпорындарды жаңғырту маңызды мәселелердің бірі»,-деді премьер-министрдің орынбасары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін