А. Машкевич пен Т. Исмаилов жасалған жұмысқа жалақы төлеуге құлықсыз - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Машкевич пен Т. Исмаилов  жасалған жұмысқа жалақы төлеуге құлықсыз

А. Машкевич пен Т. Исмаилов жасалған жұмысқа жалақы төлеуге құлықсыз

Алматыдағы “Жібек жолы” базарының орнына жаңа сауда орнын тұрғызған құрылысшылар жалақыларын әлі ала алмай жүр. Олар сәуір айында жарты жыл бойы 800 миллион теңгеден асатын алашақтары жиналып қалғанын айтып наразылық шарасына шыққан болатын. Сол кезде 20 мамырға дейін «қарызды өтейміз» деп уәде еткен “АСТ Евразия” әлі күнге айтқанын орындамапты; ақшаның 20 пайызын төлеген. Қазіргі қарызы 750 млн теңгеден асып жығылады. Базардың негізгі қожайындары саналатын миллиардерлер Александр Машкевич пен Тельман Исмаилов та уәдені үйіп төгіп, тайып тұрған.

  • 23 Маусым 2011
  • 755
Фото - Caravan.kz

Әңгіменің «әлқиссасы» әуелде басталған. Жұлқынып жатқан жұмысшыларды жағадан алып, сөге жамандау сөкеттік болар. Алматының бір шетінде “Жібек жолы” базары бой көтереді дегенде мол ақшаның иісі шыққан. Ақыр соңы тақырға отырды. Рас, аумағы ат шаптырым аббаттанған базар бар. Алғашында құстың сүтінен басқаның бәрі табылады делінген. Бірақ жарты жыл жалақысыз жан баққан жұмысшылар бір бұлқынды. Ақыры айқай-шу, шайпау мінез басылып,жүздеген миллион ақша аз уақытта қайтарылады деген. Бірақ, адамдар  алақанын сипап әлі жүр.

Ерсайын Әбдіраев, “Аламан Құрылыс” компаниясы еңбек ұжымының төрағасы:

Жалақыны,негізі,компаниялар,басқармалар қарыз алып,бірдеңе қылып жауып жүр ғой,алдында. Әрі қарай не болатынын, қалай төлейтіні белгісіз мәселе. Зардап шеккен адамдар мыңнан асады.  Шартымыз орындалғанша біз бәрін жасаймыз, тоқтамаймыз.

Қазір қалт-құлт етіп,құрып кетпеудің амалын қылған компаниялар “АСТ Еуразия” базарының кесірінен белшеден қарызға батыпты.

Бекежан Дәуренқұлов, “Аламан Құрылыс” компаниясының директоры:

— Бүгінде  600 млн, біздің компанияның қарызы бар. Жеткізушілерге, басқаларға салық төлеуіміз керек. Төленбесе, жабыламыз, амал жоқ.

Жаңа базардың қожайыны делінген қос қалталы азаматтың есімі елең еткізеді — Александр Машкевич пен Тельман Исмаилов. Атышулы миллиардерлер қос қошқардың басы бір қазанға сиятынын көрсетті. Бірақ, жасалған жұмыс үшін жалақы төлеуге құлықсыз.


Ерсайын Әбдіраев, “Аламан Құрылыс” компаниясы еңбек ұжымының төрағасы:

Астанада Тельман Исмаилов пен Александр Машкевичпен бірге кездесу болды. Кездесу барысында ол кісілер қарыз ақшаны «бәрін төлейміз»деді. Уәдесін берген, бірақ одан кейін де ештеңе жоқ.

Жаңа базарға жол түсті. Не де болса, осы жақтан жауап болуы тиіс еді. Бірақ Александр Кузнецов есімді жауапты жігіт елде емес екен. Басқа мамандар да бұл маңнан табылмады.

Күзетшіден басқалары жақ ашпақ түгілі,төбе көрсетпеді. Қап-қап қаржының қашан төленетіні де беймәлім күйде.

Уыстаған ақша тұрмақ, тиыннан тамыздық көрмейтініне көздері жеткен компания өкілдері мен жұмысшылардың төзімдері таусылған. Олар бүгін Елбасына арызданды. Ал жақын арада мыңнан астам жұмысшы жиналып, ірі көлемді наразылық шарасын   өткізбек. Өтетін жері әзірге құпия, өйткені олар тәртіп сақшылары тәртіпке шақырып, шаруаның шырқын бұза ма деп қауіптенеді.  

Соңғы жаңалықтар