— Алға қойған жоспарларым көп. Келер жылы Азия және әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсету үшін дайындаламын, — деді олимпиада жүлдегері.
Астанада өткен бокстан Қазақстан кубогы финалында ҚБФ биылғы жылдың ең үздік боксшыларын марапаттады. Қорытынды бойынша, Серік Сәпиев пен Марина Вольнова — Қазақстанның ең үздіктері болып танылды, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.