Оның жазуынша, жолдың 320-сыншы шақырымында доңғалақ бір шұңқырға дөп келіп, көлік аударылып кете жаздаған. Экипаж мүшелері қатты соққыдан аздап жарақаттанып, кей жерлерін көгертіп алыпты.
Жарыс көлігі тастақты жазыққа жеткенде, мотошабандоздар дөңгелекті жарып алмас үшін жылдамдықты азайтуға мәжбүр болған. «Дегенмен мәреге 15 шақырымдай қалғанда бір дөңгелегіміз жарылып, оны ауыстыруға біраз уақытымызды кетірдік», — дейді А.Рахымбаев.
Одан кейін бірнеше шақырым жүрген соң, команда тағы бір жарылған дөңгелекті ауыстыруға тоқтаған. «Барлық сәтсіздіктерге қоса, мәреге 10 шақырым қалғанда көліктің тежегіші де істен шықты. Сондықтан жылдамдықты тіпті азайтуға тура келді. Сөйтіп, мәреге жыбырлап отырып әзер жеттік. Міне, бесінші кезең осылай көңілсіз аяқталды. Кейінірек кезең қорытындысы бойынша 15-ші орында келгенімізді білдік. Бірақ overoll'е бойынша бес күннің қорытындысында біз үздік 10-дықтағы орнымызды сақтап қалдық. Кешегі тоғызыншы орнымызды жол талғамайтын көліктер жарысындағы Дакардың 5 дүркін чемпионы Стефан Петрансельге берген екенбіз», — деп жазады А. Рахымбаев.
