А. Сәрсенбаевтың көмекшісі, саясаткердің көлігінде оның ізін бақылап жүрген көліктердің тізімі сақталған болатын, деп сендіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Сәрсенбаевтың көмекшісі, саясаткердің көлігінде оның ізін бақылап жүрген көліктердің тізімі сақталған болатын, деп сендіруде

А. Сәрсенбаевтың көмекшісі, саясаткердің көлігінде оның ізін бақылап жүрген көліктердің тізімі сақталған болатын, деп сендіруде

ТАЛДЫҚОРҒАН. 27 шілде. Kazakhstan Today. Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның көмекшілері Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынның өліміне қатысты кезекті сот отырысында, Сәрсенбаевтың ізінен жүрген көліктер тізімінің жоғалғандығы туралы мәлімдеме жасалды. Бұл жөнінде агенттік тілшісі құлағдар етті.

  • 27 Шiлде 2006
  • 395
Фото - Caravan.kz



Сұрау кезінде А. Сәрсенбаевтың көмекшісі Ұлан Жұманов, «біз, соңымыздан бақылап жүрген автокөліктердің тізімін жасағанбыз, олардың саны он беске жуық болатын», — деді. «Тізім Сәрсенбаевтың көлігінде жататын, 11 ақпаннан кейін ол жоғалып кетті», — деп мәлімдеді ол.

Оған қоса, Ұ. Жұманов із кесушілердің қатарында болған айыпталушы Адылжан Газиевты көзқарасынан танығанын айтты. «Талдықорғанда, сот отырысының алғашқы күні темір торда отырған Газиевты көргенде, мен оны бірден таныдым», — деді Ұ. Жұманов.

Перейти к новостям спорта