А. Тұрлыбайдың ісі бойынша апелляциялық инстанция шешімі жылдың аяғына дейін белгілі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Тұрлыбайдың ісі бойынша апелляциялық инстанция шешімі жылдың аяғына дейін белгілі болады

А. Тұрлыбайдың ісі бойынша апелляциялық инстанция шешімі жылдың аяғына дейін белгілі болады

2015 жылғы 30 қыркүйекте ҚР мен ҚХР сотталған тұлғаларды қайтару туралы шарт күшіне енді. Қытай аумағында қазіргі уақытта 15 қазақстандық жазасын өтеп жатыр.

  • 11 Қыркүйек 2015
  • 598
Фото - Caravan.kz

2014 жылғы 9 наурызда Гуанчжоу әуежайында ірі көлемде есірткі затын тасымалдады деген күдікпен ұсталған 1994 жылы туылған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот үдерісі жүріп жатыр.

Тұрлыбайға қатысты қылмыстық үдеріс пен оның одан арғы тағдыры күллі қазақстандық қоғамның назарына ілікті. Ақжарқын ісінің заңдық аспектілері мен оның қытай тергеу оқшаулағышында тұру жағдайы туралы қазақстандық журналистерге бойжеткеннің адвокаты, Rainmaker заңгерлік компаниясының өкілі Сяо Чжаньдэ жауап берді.

—   Қытай заңнамасында есірткі заттарын таратқаны, тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін қандай жаза көзделген?

—  ҚХР Гуандун провинциясының жоғары инстанциядағы халық сотының  шешіміне сәйкес А. Тұрлыбай ҚХР Қылмыстық кодексінің 347-бабы (Есірткі заттар контрабандасы, оны өткізу, тасымалдау және дайындау) бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

—  Ақжарқын Тұрлыбайдың қылмыстық ісі бойынша жағдай не болып жатыр? Оның қорғаушылары апелляцияға өтініш берді ме, нәтижелері қандай?

— Ұсталған А. Тұрлыбай туралы ақпарат түскен сәттен бастап ҚХР екі «Rainmaker» және «Haitian Qingcheng»   заңгерлік фирмасының өкілдері ҚХР-дағы ҚР елшілігі консулдық бөлім қызметкерлерімен бірлесіп оның құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар өткізуде. Біз консулдармен бірге А. Тұрлыбаймен және Гуанчжоу құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірнеше рет кездестік.

Бізге белгілі болғандай, 2015 жылғы 3 сәуірде Гуанчжоу қ. орташа инстанциядағы халықтық сотта есірткі заттарын тасымалдағаны үшін ҚР азаматшасы  күдікті Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты тыңдау өткізілген. 2015 жылғы 15 маусымда орташа инстанциядағы халық сотының шешімімен ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

ҚХР «Азаматтық іс жүргізу кодексінің» ережесіне сәйкес апелляцияға үкімді жариялаған күннен бастап 10 күн ішінде беруіне болады. 2015 жылғы 22 маусымда Ақжарқынның адвокаттары Гуандун провинциясы Бірінші сатыдағы жоғарғы халықтық сотқа апелляция берді.

Гуандун провинциясы Бірінші сатыдағы жоғарғы халықтық соты кеңсесінің ақпаратына сәйкес, 2015 жылғы 15 тамызда Ақжарқын ісі апелляциялық өндіріске қабылданды.

Қорғау тарапы, өз кезегінде, судьялармен кездесу мүмкіндігін қарастыру және сотты ашық режімде жүргізу өтінішімен қолдаухат жіберді. Осы іс бойынша соттың шешім қабылдауы туралы ақпарат күтіп отырмыз.


ҚХР заңнамасына сәйкес өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген адам мінез-құлқы жақсы болып, екі жыл ішінде колония әкімшілігі тарапынан талапарыз болмаған жағдайда, жазасын өтеу мерзімін қысқарту туралы қолдаухат беруге құқығы бар.

— 2015 жылғы 30 қыркүйекте сотталған тұлғаларды қайтару туралы ҚР ҚХР арасындағы шарт күшіне енді. Осы шарттың аясында Ақжарқынды Қазақстанға экстрадициялау мүмкіндігі бар ма?

—  «Сотталған тұлғаларды қайтару туралы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шарттың» 4-бабына сәйкес азаматша А. Тұрлыбайды қытай тарапының келісімімен ғана қайтаруға болады. Жауапты органдар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қытай Халық Республикасының Әділет министрлігі. Апелляция бойынша шешім қабылданғанға дейін сотталушы ҚР азаматшасы А. Тұрлыбайды елге қайтару мүмкін емес.

—   Ақжарқын Тұрлыбайдың жалпы жағдайы қандай?

  Ақжарқынмен кездесу барысында  денсаулығы мен оны ұстау жағдайына шағымданбады. Ол физикалық та, психологиялық жағынан да өзін жақсы сезінеді. Күніне үш рет тамақтанады, жан-жақтан қысым көрсетушілер жоқ. Тергеу оқшаулағышының басшысы Ақжарқынға жақсы қарайды. Камерада одан басқа үш адам (Малайзия, Индонезия, Вьетнам азаматшалары) бар. Түзеу мекемесіне келген уақыттан бастап Ақжарқын қытай тілін үйрене бастады. Қазір онымен қытай тілінде еркін сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз. Әңгімелесу барысында ол бірнеше рет «Мен есейдім» деді, яғни ол өз ісіне қатысты сабырлық танытуда.

—   Апелляциялық саты сот шешімі қашан белгілі болады?

— Биыл.

 Сұхбат бергеніңізге рахмет!  

Соңғы жаңалықтар