А. Винокуров: «Мені көре алмайтындар көп» - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А. Винокуров: «Мені көре алмайтындар көп»

А. Винокуров: «Мені көре алмайтындар көп»

Александр Винокуров өзінің айналасындағы болып жатқан келеңсіз жайтқа орай мәлімдеме жасады.

  • 9 Қараша 2012
  • 418
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында «Аламан» спорт агенттігі хабарлап отыр.

«Бұл ескірген тақырып. Мен өзімнің кінәлі еместігімді бұрында айтқанмын. Менің алып қосарым жоқ бұған. Бұл неден туындап отыр? Менің басшылық қызметке келгенімді біреулер көре алмайды. Шетелде ғана емес, өзіміздің арамызда да. Біреуге менің Експоны насихаттап жүргенім ұнамай жүруі де мүмкін. Маған сол біркүндік жеңіс не керек? Қарап көріңіз! Менде қанша жеңіс? Колобневте қанша жеңіс? Қайта ол жеңіс Колобневке қажет-ақ. Ал мен ол жарыста өз күшіммен жеңген едім. Қазір Бельгияда менің адвокаттарым жүр. Олар бұл жұмыстармен айналысып жатыр», — деді Олимпиада чемпионы.

Естеріңізге сала кетейік, 24.kz Александр Винокуров «жеңісті сатып алды» деп айыпталып жатқандығын хабарлаған болатын. Италияның құқық қорғаушылары Олимпиада чемпионы Александр Винокуровты «пара берді» деп айыптап отыр. Олардың пікірінше, 2010 жылғы «Льеж-Бастонь-Льеж» веложарысындағы қазақстандық шабандоздың жеңісі алдын ала келісілген. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров төңірегінде дау шықты. Италияның Падуи қаласының құқық қорғау қызметкерлері қазақстандық саңлақтың 2010 жылғы «Льеж-Бастонь-Льеж» біркүндік веложарыстағы жеңісі сатып алынды деген пікірде. Жергілікті прокуратура Винокуровтың ресейлік спортшы Александр Колобневпен 150 мың еуроға келісіп, Швейцария банкі арқылы уәде етілген ақшаны аударғаны туралы нақты дәйектерді алға тартып отыр. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл додада мәреге Винокуров бірінші, ал Колобнев екінші болып келген еді.

Соңғы жаңалықтар