Ә. Жақсыбеков астаналықтар мен елорда қонақтарын ҚР Конституциясының 20 жылдығымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә. Жақсыбеков астаналықтар мен елорда қонақтарын ҚР Конституциясының 20 жылдығымен құттықтады

Ә. Жақсыбеков астаналықтар мен елорда қонақтарын ҚР Конституциясының 20 жылдығымен құттықтады

Елорда  әкімі Әділбек Жақсыбеков астаналықтарды  ҚР Конституциясының 20 жылдығымен құттықтады.

  • 30 Тамыз 2015
  • 415
Фото - Caravan.kz

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Ата Заң — тәуелсіздігіміздің тұғыры, мемлекет дамуының негізі, азаматтарымыздың бостандығы мен еркіндігінің кепілі. Қазақстанның бүгінге дейін қол жеткізген барлық жетістіктері және оның даму үрдістері Конституцияда айқындалған қағидалардан бастау алады.

Биыл Конституциямызға жиырма жыл. Осы уақыт ішінде Ұлт Көшбасшысы — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанды әлемге танытқан, халықтың мақтанышы мен көзқуанышына айналған іргелі істер атқарылды. Еліміз әлемнің елу дамыған елінің қатарын толықтырып, үздік отыздыққа ұмтылуда. Осындай жетістіктер мен нәтижелердің астарында Конституциямен бекітілген қағидалар жатыр. Ата Заңымыздың талаптарын сақтай отырып, алатын асуларымыз биік болғай!

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілеймін!


Астана қаласының әкімі   Ә. Жақсыбеков

Соңғы жаңалықтар