Ә. Жақсыбеков: Бүгін - Астана өміріндегі тарихи күн - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ә. Жақсыбеков: Бүгін - Астана өміріндегі тарихи күн

Ә. Жақсыбеков: Бүгін - Астана өміріндегі тарихи күн

«Астана» - «Галатасарай» футбол матчының қарсаңында елорда әкімі Ә.Жақсыбеков жанкүйерлерді, барлық қала тұрғындарын сүйікті құраманы қолдауға шақырды, деп хабарлайды astana.kz.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 562
Фото - Caravan.kz

— Бұл ойынның нәтижесі қандай болатынына қарамастан, біз жеңіске жетіп қойғанбыз, — деді әкім. — Ел спорты тарихында тұңғыш рет қазақстандық футбол клубы Еуропа чемпиондар Лигасын — ең жоғары деңгейдегі спорттық турнирді қабылдауда.

Бұл бапкерлер мен ойыншылардың ғана жетістігі емес. Бірінші кезекте, бұл — спорттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, спорттық нысандарды көбейтіп, Астанада үлкен халықаралық спорт сайыстарын өткізуге мұрындық болған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы.

— Бұл, сонымен қатар, спорт, дене шынықтыру және салауатты өмір салты өмірлік ұстанымдарына айналған құрама жанкүйерлерінің де еңбегі. Бүгін «Астана Арена» стадионында өтетін спорттық мереке барлығымызды одан әрі жұмылдыра түсуі керек, — деді Ә. Жақсыбеков.