А-321 аэробусы апатқа ұшырағаннан кейін Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігінің қосымша шараларын алуда - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А-321 аэробусы апатқа ұшырағаннан кейін Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігінің қосымша шараларын алуда

А-321 аэробусы апатқа ұшырағаннан кейін Азаматтық авиация комитеті ұшу қауіпсіздігінің қосымша шараларын алуда

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті ресейлік «Когалымавиа» авиакомпаниясының А-321 әуе кемесінің таяудағы апатқа ұшырауына  байланысты

  • 4 Қараша 2015
  • 405
Фото - Caravan.kz

авиациялық оқиғалар мен опаттарды болдырмау жөніндегі оперативтік және профилактикалық шаралар, сонымен бірге ҚР авиакомпанияларының жұмысы барысында қауіпті факторлар жағдайында ұшу қауіпсіздігінің жарамды деңгейін сақтау шаралары күшейтілетіндігі жөнінде хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, айталық, мынадай шаралар қолданылатын болды: Комитеттің пайдаланушы қосалқы бөлімшелері мен құрылымдық бөлімшелерінде ұшу экипаждарының теориялық әзірліктері жөнінде қосымша сабақтар өткізу; экипаж мүшелерін жұмысқа жіберер алдында олардың басқарушы нормативтік құжаттар талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;  түрлі ұшулар мен авиациялық жұмыстарға жіберуге негізделмеген рұқсат беруіне байланысты басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту.

Сондай-ақ әуе кемелері (ӘК) экипаждары мүшелерін алдын-ала дайындау үдерісін, оның ішінде ұшуды жүргізу жөніндегі басқару тарауларын, пайдалану мен ӘК экипаж мүшелерінің жұмыс технологиясы және өзара іс-қимыл жөніндегі басқару нұсқамаларды білуін тұрақты бақылау қамтамасыз етіледі.

Авиациялық персонал мен әуе кемелері экипаждары үшін кеңістікті бағдарлауын жоғалту және күрделі кеңістіктік жағдайға тап болғандағы жай-күйді зерттеп-зерделеу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, оларға ұшу қауіпсіздігін арттыру жөніндегі практикалық ұсыныстарды қоса тапсыру талап етіледі.


Мамандардың басынан өткен аурулары, операциялары, емделу тәсілдері мен құралдарының орталықтандырылған есепке алу (емдеу мекемелерінің меншік формасына қарамастан) шаралар жүйесін дайындау қолға алынады.  

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің кезеңдік және оперативтік түрлеріне нәтижелі бақылау жасап отыру жүзеге асырылады. 

ӘК-лерін бұзылуы мен ақаулы болғаннан кейін, оның ішінде ең қажетті түзу жабдықтар тізбесінде (MEL) көрсетілген кемелерді одан әрі пайдалануға жіберу жөнінде асығыс және негізсіз шешімдер қабылдануына жол бермеу көзделеді.  

ӘК экипаждары мүшелерімен ӘК-нің ұшуға берілген тапсырмада қарастырылмаған мақсаттар мен маршруттарда пайдалану мүмкіндігін мүлде болдырмау, сонымен қатар ұшу тапсырмасын қайтсе орындау ниетімен аэронавигациялық және метеорологиялық жағдайдың  белгіленген талаптарға сәйкес болмауы, оның ішінде әскери келіспеушілік, соғыс қимылдары және ракеталар мен снарядтардың атылу-ұшырылу аймақтары үстінен ұшуды болдырмау жөнінде тиісті жұмыс жүргізіледі.  

Сондай-ақ Азаматтық авиацияч комитеті әуе кемелері экипаждары мүшелерінің жұмыс уақыты және демалу уақыты режимінің бұзылуын болдырмау шаралар қабылдайды. 

Соңғы жаңалықтар