«А321» ұшағының апатынан кейін «Когалымавиа» компаниясынан 20 бортсерік өз еркімен жұмыстан кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«А321» ұшағының апатынан кейін «Когалымавиа» компаниясынан 20 бортсерік өз еркімен жұмыстан кетті

«А321» ұшағының апатынан кейін «Когалымавиа» компаниясынан 20 бортсерік өз еркімен жұмыстан кетті

Мысырда болған ұшақ апаты «Когалымавиа» компаниясының жұмысына да кері әсер етті.

  • 9 Қараша 2015
  • 382
Фото - Caravan.kz


Қайғылы оқиғадан кейін компанияның 20 бортсерік жұмыстан кетуге өтініш білдірген, деп жазады ресейлік БАҚ. 

Ал, ресейлік компания жұмыстан кетіп жатқандар негізінен таяуда жұмысқа кірген жастар екенін айтты. 
Жұмыстан кетіп жатқандардың ішінде тәжірибелі мамандар да бар. Олардың көпшілігі әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында қауіпті жұмыс істеуге туыстары қарсы болғандықтан осындай шешімге келгенін жеткізген.
Дереккөздің хабарлауынша, компанияда психолог бортсеріктермен әңгімелесіп, олардың көңіл-күйімен бөліскеннен кейін, 20 адам жұмыстан кету туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, қызметтегі әріптестерін қолдау үшін демалыстарын үзіп, мерзімінен бұрын жұмысқа шыққандары да бар.

Соңғы жаңалықтар