31 қазанда ірі апат орын алды: Шарм-эль-Шейхтен Санкт-Петерборға ұшқан «Когалымавиа» әуе компаниясының Airbus А321 ұшағы Синайда апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен жеті экипаж мүшесі болды.
«Апат болған күні «қара жәшіктер» (дыбыстық және параметриялық) табылып, Каирге жеткізілді. Кеше ондағы мәліметтер зерттеле бастады, алғашқы жазбалар алынды», — деді РФ үкіметімен премьер-министр Д.Медведевтің отырысында Көлік министрлігінің басшысы.