А.Әбдірахманов: СІМ Денякиннің ісіне қатысты тергеу ашық әрі әділ өтетініне үміт артады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Әбдірахманов: СІМ Денякиннің ісіне қатысты тергеу ашық әрі әділ өтетініне үміт артады

А.Әбдірахманов: СІМ Денякиннің ісіне қатысты тергеу ашық әрі әділ өтетініне үміт артады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Денякиннің ісіне қатысты тергеу ашық әрі әділ өтетініне үміт артады. Бұл туралы бүгін ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

  • 30 Мамыр 2011
  • 561
Фото - Caravan.kz

«Жақында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы орынбасарының көмекшісі Роберт Блейк Денякиннің ісіне қатысты өзінің ресми пікірін айтқан болатын. Бұл — аталған іске байланысты орын алған Қазақстандағы қоғамдық пікір, Вашингтондағы ҚР елшілігінің АҚШ-тің мемлекеттік департаментіне жолдаған нотасы және біздің дипломаттардың Вашингтондағы жеке кездесулер өткізуі нәтиже бергендігін білдіреді. Бұған біздің АҚШ-тағы әріптестердің ресми назар аударуы дәлел. Біз оларға аталмыш іске қатысты үлкен көңіл бөліп жатқандарына ризашылық білдіреміз және оның ашық әрі әділ өтетініне үміт артамыз», — деді А. Әбдірахманов.

Оның айтуынша, Денякиннің адвокаттары да бұл іс жәбірленушілердің мүддесіне қарай шешілу мүмкіндігі өте зор деп бағалаған болатын. Қазіргі уақытта бұл іс Вирджиния штатының мемлекеттік органдарының АҚШ мемлекеттік департаментінің және Вашингтондағы ҚР елшілігінің назарында.

Соңғы жаңалықтар