1982 жылы 23 шілдеде өмірге келген қостанайлық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 2008 жылы 14 желтоқсанда туған қаласында Вадим Суфиновпен өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Осы уақытқа дейін ол 9 кездесу өткізіп оның 8-ін жеңіп (бесеуін нокаутпен), 2011 жылы 12 қаңтарда Барнауылда ұпай санымен Павел Мамонтовқа ұтылған болатын. Оның бұл жолғы қарсыласы ташкенттік М.Ражапбаев бұған дейін 7 кездесуді (төртеуін нокаутпен) өз пайдасына шешіп, 2 кездесуде жеңілістің ащы дәмін татқан боксшы. Ол кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 2008 жылы 15 ақпанда Алматыда бастап, Владислав Савченкоға ұтылған еді. Одан кейін 2011 жылы 23 желтоқсанда Ташкентте өткізген соңғы кездесуде өз отандасы әндіжандық Бекзод Юнусовтан жеңіліс тапты.