А.Әйтімов ҚР ҰИА академигі болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Әйтімов ҚР ҰИА академигі болып сайланды

А.Әйтімов ҚР ҰИА академигі болып сайланды

Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті ғылым-білім кешенінің президенті, профессор, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімов ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі болып сайланды.

  • 18 Қараша 2012
  • 865
Фото - Caravan.kz

Аталмыш кешеннің ректоры, техника ғылымдарының докторы Сайранбек Ахметовтің айтуынша, бұл атақ академияның Алматы қаласында өткен жалпы жиналысы сессиясында берілген. А.Әйтімов «Аймақтық инженерлік саясат» мамандығы бойынша академиктік атаққа ұсынылған болатын. Сондай-ақ БҚО әкімінің бұрынғы кеңесшісі, қазіргі кезде Атырау облысы әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ президенті Яхия Чудров, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессоры Алпамыс Ибраев мүше-корреспонденттікке өтті.

Ақсерік Әйтімов ҚР ҰИА БҚО филиалы төрағасы міндетін бірнеше жылдан бері атқарып келеді. Қазіргі кезде филиал құрамында үш академик, төрт мүше-корреспондент, үш академиялық кеңесші жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар