А.Айымбетов Елбасына ғарышта болып келген мемлекеттік туды табыстады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
А.Айымбетов Елбасына ғарышта болып келген мемлекеттік туды табыстады

А.Айымбетов Елбасына ғарышта болып келген мемлекеттік туды табыстады

Бүгін Ақордада Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа  ғарышта болып келген мемлекеттік туды табыстады.

  • 14 Қазан 2015
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Аса мәртебелі Елбасы! Мен сіздің тапсырмаңызбен ғарышқа сапар шегіп, оралдым. Маған және еліміздің ғарыш саласына жасаған зор қамқорлығыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Еліме адал қызмет етемін», — деді марапаттау рәсімінде А.Айымбетов.

Сонымен қатар ғарышкер Елбасына ғарышқа жасаған сапары барысы туралы баяндап, Халықаралық ғарыш стансасына өзімен бірге  алып барған еліміздің Мемлекеттік туын табыс етті.

«Біздің ұшуларымыз кезінде Халықаралық ғарыш стансасының бортында Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік туы да болды. Ол біздің Жер шарымызды 150-ден астам рет айналып ұшты. Бүгін осы туды мемлекетіміздің негізін қалаушы әрі көшбасшысы Сізге табыс етуге рұқсат етіңіз», — деді Айымбетов. 

Ғарышкердің қолынан еліміздің Мемлекеттік туын алған Елбасы: «Барлық табыстарың құтты болсын! Біздің ғарышкерлеріміз енді үшеу болды. Әлі де көбейе береді деп сенеміз. Болашағымыз әр уақытта да ғарыштың биігіндей болсын! Біздің көк байрағымыз сонау ғарышқа барып, Жерді  айналып келгені бізді желеп-жебеп, қолдап жүрсін! Бүкіл ғаламның күші, ғаламның қасиеті Қазақстанда болсын! Құттықтаймын!», — деді. 


1
2
4
2828237

Соңғы жаңалықтар