"Абай Бегейдің 16 жасар қызы күйеуге шыққаны заңға қайшы ма? Мүфтияттың пәтуәсі қандай?": Халық наразылығы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай Бегейдің 16 жасар қызы күйеуге шыққаны заңға қайшы ма? Мүфтияттың пәтуәсі қандай?": Халық наразылығы

"Абай Бегейдің 16 жасар қызы күйеуге шыққаны заңға қайшы ма? Мүфтияттың пәтуәсі қандай?": Халық наразылығы

Әнші Абай Бегейдің 16 жасар қызы тұрмысқа шықты. Бірақ, оған халық тарапынан наразылар танытты.

  • 20 Тамыз
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Діни сана: әнші Абай Бегейдің 16 жасар қызы күйеуге тиіпті!

Бұл заңға қайшы ма? Мүфтияттың пәтуасына ше?

Әлеуметтік желіде Абай Бегейдің 16 жысар қызының күйеуге тигені жан-жақты жарнамаланып жатыр. Оны жасап отырған жас қыздың туыстары. Екі жас мешітте «шариғи неке» қиып шыққан соң да суретке түсіпті. Оны да әлемжеліге салып қойыпты. Бір емес , екі мәрте шариғи некелескен әйелін айуандықпен өлтірген Қ.Бишімбаев ісінен кейін мүфтият арнайы пәтуа шығарып, онда мемлекеттік АХАТ жүйесіне тіркелген куәлігі болса ғана мешіт имамдарының «шариғи неке» қиюға қақы бар деп жазылды. Ал мынау жағдайда ҚМДБ тағы да пәтуаны бұзып отыр. Себебі, қыздың жасы – 16. АХАТ-та 18 жасқа толған азаматтардың ғана некелесуге қақы бар. Яғни, Абай Бегейдің қызы АХАТ-та тіркелген жоқ. Соған қарамай мүфтият молдалары діни пәтуаны да, зайырлы елдің заңын да тағы бұзды. АХАТ куәлігінсіз Бишимбаев пен марқұм Нүкенованың некесін қиған имамға Бас мүфти Н.Өтпенов сөгіс беріп шектеліп еді. Ал енді кәмелет жасқа толмаған қыздың шариғи некесін қиған имамға ҚМДБ басшылары қандай жаза қолданар екен?!.

Кәмелет жасқа толмаған қыздың күйеуге тиіп кетуіне мемлекеттік органдар да кінәлі. 9-сыныпты енді бітірген қыздың оқуын тастап күйеуге тиіп кетуіне білім саласына жауапты орган не дейді?!. Бала құқығын қорғауға тиіс органдар «аспанға қарап, жұлдыз санап» отыр ма?!.

Діни саналы отбасы 16 жасар қызын күйеге беріп заң бұзғанына тіпті өкінбейтін сияқты. Тіпті, осы некені, осы тойды жан-жақты жарнамалап жатыр. Бүйте берсе, ертең 14 жасар қыздарды күйеуге беру басталады. Оған ҚМДБ шариғи негіз жасап қойған – «қыздардың балиғат жасы…» деген пәтуа беріп. Одан кейін Ауғанстандағыдай 9 жасар қыздарды күйеуге беру белең алады. Діни сана мұндай бассыздықты, мұндай қылмысты «пайғамбарымыз 9 жасар қыз алған» деп ақтап алады ғой…

Менің ойымша, мынау діни саналы нарративті тез арада тоқтату керек. Әйтпесе, қазақ қоғамы ортағасырлық түнекке қайта оралады.

Менікі болжам ғой, анығын Ақорда біледі», деп жазды.

«Дұрыс. Тоқтату керек. Жаза қолдану керек», «Уланған сана, топастанған тобыр», «Заң бойынша некелескендер де, мешіт имамдары да, ата-ана да жауап беру керек. Мен қосылам. Дұрыс жазып отыр. Ертең 14- жасар, одан кейін 12- жасар қыз балаларды да күйеуге беру басталады. Қазақстан заңына бағыну керек. Тек ЗАГС арқылы некесін қию керек. Мешіттен неке қию заңсыз. Олар оңай ақша тауып отыр. Жоғары жақ қайда қарап отыр. Неге осындай жүгенсіздерге тыйым салмайды?», деп, халық 16 жасар қыздыі тұрмысқа шығуына қарсылықтарын білдірді.