"Абай қазақты жаман қылып көрсете берген": Құралай ханым Ұлы ақынның өлеңдерін сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Абай қазақты жаман қылып көрсете берген": Құралай ханым Ұлы ақынның өлеңдерін сынап тастады

"Абай қазақты жаман қылып көрсете берген": Құралай ханым Ұлы ақынның өлеңдерін сынап тастады

Психолог-коуч Құралай ханым қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығын қатаң сынады.

  • 23 Мамыр
  • 1553
Фото - Caravan.kz

Блогердің айтуынша, Абай өлеңдеріне қазақтың тек жаман мінезін арқау еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сынға үйреніп қалдым, иммунитет қалыптасты. Бірақ, қазақ қоғамында сын өте көп. Жақында Зәуре Батаеваның «Абай жұмбағы» деген мақаласын оқыдым. Сол жерде совет үкіметінің сұрқия саясаты бар. Кезінде Абай атамыздың қазақты «Самобичивание» дейді ғой, ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың деген секілді қазақтың қиын тұстарын, нашар мінезін, мақтаншақтығын, жамандығын әкеліп көрсете берген. 70 жыл саясатта біз соған үйреніп қалғанбыз. Қазақ нашар, қазақ жалқау, қазақ ұйқыбас, мақтаншақ деген секілд. Қазір соған қоғам соны жаттап өскен. Ал, мен 10 жыл бойы инстаграмда мақтанғым келеді, қазақтарды мақтағым келеді», — дейді психолог.

Желі қолданушылары Құралай ханымның бүл пікірімен келіспейтінін жарыса жазуда.

«Құралай, Абайға жолама. Ол сенің әдемі де жеңіл өміріңе мысал бола алмайды», «Саған Абайдың өлеңдерін түсіну қайда», «Абайды сөз қылу үшін оны оқып, зерттеу керек», «Сен фэн-шуйді айтып жүре берсей», «Ұлы Абайдан садаға кет», — деп жазды олар.