Абай Құнанбайұлы – ақын, ағартушы, философ, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Оның терең пәлсапасы, мазмұнды һәм мағыналы қара сөздері, надан болмай, адам болуға шақыратын мәңгілік шығармалары, рухани мол мұрасы, классикалық әндері күллі адамзатқа ортақ.