Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Айтыскер ақын журналист Жанар Байсемізге сұхбат берген.
«Мен негізінен қосып сөйлемеуге тырысамын. Бірақ қазір орыс тілді аудиторияның маған махаббаты оянып, жаныма жақындап жатыр.
Кейде соларға құндылық жеңіл жетсін деп, сөздерді қолданамын. Бірақ оны мен қылмыс деп есептеймін. Ондай қылмыс басынан өткеріп жатқан адам көп. Жалпыға айналып келген кезде қоғам, сұраныс сені мәжбүрлейді.
Қазір әуежайға барғанда қай ұшақтың қашан кететініні қытай тілінде жазылып тұр, яғни клиент, сұраныс бар, қытай тілінің өзі қолданысқа кіріп жатыр. Шала қазақша емес ол, мен Абай дәстүрін ұстанатын адаммын.
Абайдың өзі кейбір сөздерді дұрыс түсінуі үшін өзінің өлеңдерінде, қара сөздерінде орыс сөздерін қолданған. Сондықтан Абай тілді жек көріп кеткендіктен, иленіп кеткендіктен, идеологияға түсіп кеткендіктен қолданған жоқ», — деді айтыскер ақын.
Десе де көпшілік ақынның бұл сөзіне қарсылық білдірген. Олар түрлі сыни пікірлерін жарыса жазып жатыр.

