”Абайдың өзі де кейбір сөздерді дұрыс түсіну үшін өлеңдеріне орысша сөздерді қолданған” - Мұхаммеджан Тазабек - kaz.caravan.kz
  • $ 544.87
  • 639.02
+31 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Абайдың өзі де кейбір сөздерді дұрыс түсіну үшін өлеңдеріне орысша сөздерді қолданған” - Мұхаммеджан Тазабек

”Абайдың өзі де кейбір сөздерді дұрыс түсіну үшін өлеңдеріне орысша сөздерді қолданған” - Мұхаммеджан Тазабек

Мұхаммеджан Тазабек өз сөздеріне не себепті орысша сөздер қосатынын айтып берді.

  • 22 Шiлде
  • 160
Screenshot

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мен негізінен қосып сөйлемеуге тырысамын. Бірақ орыс тілді аудитория да маған махаббаты оянып, жаныма жақындап жатыр. Кейбір құндылық соларға жеңіл жетсін деп орысша сөздерді қолданамын. Бірақ мен оны үлкен қылмыс деп есептемеймін. Себебі, ондай қылмыс басынан асып жатқандар көп. Жалпы айналып келгенде қоғам сені мәжбүрлейді. Сұраныс сені мәжбүрлейді. Мен Абай дәстүрін ұстанатын адаммын. Абайдың өзі кейбір сөздер дұрыс түсіну үшін өзінің өлеңіне де, қара сөзіне де орыс тіліндегі сөздерді қолданған”, — деді Мұхаммеджан Тазабек.