Абай атындағы опера және балет театрына ұлттық мәртебе беру жөнінде ұсыныс жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай атындағы опера және балет театрына ұлттық мәртебе беру жөнінде ұсыныс жасалды

Абай атындағы опера және балет театрына ұлттық мәртебе беру жөнінде ұсыныс жасалды

Мәжіліс депутаты Мұрат Ахмадиев үкіметке Абай атындағы мемлекеттік академиялық балет театрына ұлттық мәртебе беру туралы ұсыныс жасады.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 615
Фото - Caravan.kz

«Еліміздегі аса ірі мәдениет ұйымдарының бірі саналатын Абай атындағы опера және балет театры жыл сайын көрермен назарына 150-ден астам қойылымдар мен спектакльдер ұсынады. Бұл театр қызметкерлері үшін өте ауыр жүк. Алайда, қос театр әртістерінің еңбекақысы арасындағы жалақы айырмашылығы Опера және балет театры ұжымының жұмысына кері әсер етіп отыр», — деді ол палатаның сәрсенбідегі жалпы отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке арнаған депутаттық сауалында.

«Заң бойынша Абай атындағы театр әртістері (…) «Астана-Опера» әртістеріне берілетіндей жалақыны ала алмайды», — деп қосты ол.


Осы орайда, халық қалаулысы өнер ордасына ұлттық мәртебе беруді ұсынды. Оның ойынша, бұл «театрдың беделін көтеріп, еңбекақыны көтеруге мүмкіндік береді».

Перейти к новостям спорта