Абай атындағы опера және балет театрының Астанаға гастролі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай атындағы опера және балет театрының Астанаға гастролі басталды

Абай атындағы опера және балет театрының Астанаға гастролі басталды

Кеше елордада Қазақ мемлекеттік академиялық Абай атындағы опера және балет театрының гастролі басталды,

  • 23 Мамыр 2011
  • 575
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу аясында 2011 жылғы 22-30 мамыр аралығында Астанадағы Конгресс-холлда Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі өтеді.

9 гастрольдік күн ішінде Астананың тұрғындары мен қонақтарының назарына 4 опера және 4 балет спектаклдері ұсынылады. Олар — А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Дж.Вердидің «Травиата», Р.Вагнердің «Тангейзер», Г.Доницеттидің «Любовный напиток» опералары және А.Серкебаевтың «Тілеп пен Сарықыз», А.Хачатурянның «Спартак», С.Прокофьевтың «Ромео мен Джульетта» балеттері.

Басты партияларда ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірігін қайраткерлері Жәмилә Баспақова, Шахимардан Әбілов, Болат Бөкенов, Бейімбет Қожабаевтар, халықаралық конкурстардың лауреаттары Дина Хамзина, Дина Дүтмағамбетова, Халид Нұралиев, Жәнел Түкеева, Нұрлан Қонақбаев, Әмір Жексенбек, Гүлвира Құрбанова, Фархад Бөриев және т.б. ойнайды.

Гастрольдің соңында театрдың репертуарындағы опера және балеттердің ен үздік сахналарынан құрылған гала-концерт өтеді.

Перейти к новостям спорта