Абай Исабековтың жұмбақ өліміне қатысты қылмыстық іс жабылып тынды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай Исабековтың жұмбақ өліміне қатысты қылмыстық іс жабылып тынды

Абай Исабековтың жұмбақ өліміне қатысты қылмыстық іс жабылып тынды

Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылында өткен жылдың қазан айында 15 жасар Абай Исабековтың жұмбақ жағдайдағы өліміне қатысты қылмыстық іс ақыры жабылып тынды. Полицейлер 9-сынып оқушысын ешкім өлтірген жоқ, марқұм өз-өзіне қол салған деген тоқтамға келіп, істі жылы жауып қоя салған. Ал айдың күні аманында жалғыз ұлынан айрылып, аңырап қалған ата-ана «тергеу дұрыс жүрмеді» деп, тәртіп сақшыларын кінәлап отыр. 

  • 28 Мамыр 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

Марқұм Абай Исабековтың ата-анасы жарты жылдан бері Облыстық ішкі істер департаментінің табалдырығын тоздырып жүр. Баласынан айырылып, қайғыдан қан жұтқан әке: «ұлым өз-өзіне қол салған жоқ, оны біреулер өлтірген» — дейді. Айтуынша, алдымен Абайды біреу тұншықтырып, кейін өзі тұратын үйдің шатырына дарға асып кеткен.

Әбу Исабеков, марқұм Абай Исабековтың әкесі:

— Баламды ұйымдасқан топ, бандиттер өлтіріп отыр. «Суицид» дейді ғой, өзін асып тастағандай! Сонда мыналар 26 сәуір күні істі жауып тастап, тып-тыныш жата берген ғой. Мұның жабылғанын мен 20 мамыр күні тілшілерден  естідім.

Жеткіншектің жұмбақ жағдайдағы өліміне байланысты қозғалған қылмыстық істің жабылғанын Ішкі істер департаменті растады. Алайда марқұмды ауылдағы жоғары сыныптың оқушыларынан құралған «Жетіқарақшы» тобының мүшелері өлтірді деген уәжбен мүлдем келіспейді. Тіпті кәсіби тергеушілердің өзі балаларға әлемжеттік көрсетіп, ақша бопсалайды деген сол қарақшыларды анықтай алмағандарын айтады. 


Берік Қожамбердиев, Алматы облыстық ІІД бастығының орынбасары:

— Тергеу кезінде «осындай топ бар ма, ақша сұрады ма?» деп, балалардың бәрінен  жауап алдық. Ешқайсысы нақты ештеңе айта алған жоқ. Сондықтан дәлелдердің жеткіліксіздігінен істі жауып тастауға мәжбүр болдық.

Алайда дүйім жұртты дүр сілкіндірген қылмыстық істің жабылғанына аудандық прокуратура нарызылық білдіріп отыр. Полицейлердің қорытындысына күмән келтірген құзырлы орган істі қайта тергеуге жіберді.