Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова және Ахметовтен жауап алынады - Бас прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова және Ахметовтен жауап алынады - Бас прокуратура

Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова және Ахметовтен жауап алынады - Бас прокуратура

 

  • 14 Маусым 2023
  • 70
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында министрлер мен әкімдерден жауап алынатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, тергеу енді ғана басталғандықтан, шенеуніктердің әрекеті әлі анықталған жоқ.

"Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өз міндеттеріне, қызметтеріне жауапсыз қарап, өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамау салдарынан осындай оқиғалар мен азаматтарымыздың өліміне себеп болған кінәлі лауазымды тұлғалар анықталатын болады", — деді Өмірәлиев.

Журналистер Бас прокурордың орынбасарына экс-министр Юрий Ильин, экология министрі Зульфия Сүлейменова, сондай-ақ Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен жауап алына ма деп сұрады.


"Жауап алынатын адамдар арасында өртті сөндіруге жоғарғы басшылар ғана емес, орта буын басшыларының да қатысы бар екенін ескерсек, қазіргі уақытта олар өрт сөндіру жұмыстарымен айналысып жатқандықтан біз оларды мазаламаймыз. Олардан міндетті түрде жауап алынады. Басқа да тергеу әрекеттері жедел-іздестіру сипатында жүргізіліп жатыр", — деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.