Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz —ке сілтеме жасап хабарлайды.
Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берген ведомство, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология министрліктері қызметтік тексеру жүргізілгенін — жалпы шығын 165 миллиард теңгеден асатынын айтты. Өртенген орманның ауданы 6 миллион текше метр болады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев шығын көлемі неге мұнша көп екенін түсіндірді.
"Мұндай сома туралы айтқанда, бірден бұл өте көп деген сұрақ туындайды. Негізі, ол қалай есептелді? 30 миллиард тікелей зиян: өртенген ағаштарды, өртенген жабдықтарды санаймыз, қалғаны 130 миллиардтың айналасында — бұл орманның пайдалы қасиеттерінің жоғалуы немесе азаюы. Яғни, бұл СО2 (көмірқышқыл газы — еск.) сіңуі, оттегінің бөлінуі, онда жайылымдар, шөптер болған — мұның бәрінің бағасы бар. Ал тікелей келтірілген залал 160 миллиард теңге болады", — деп түсіндірді Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.