Абай осы заманда өмір сүрсе – түрмеде отырар еді": Ғарифолла Есім - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Абай осы заманда өмір сүрсе – түрмеде отырар еді": Ғарифолла Есім

Абай осы заманда өмір сүрсе – түрмеде отырар еді": Ғарифолла Есім

Белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есім бүгінгі ақсақалдардың жалтақтығы туралы сөз қозғапты.Ол бұл заманда Абайша елге сөз тыңдата алатын ел ағалары жоқ дегенді айтты.

  • 15 Қараша 2020
  • 1070
Фото - Caravan.kz

Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Семей өңіріні аралап қайтқан ғалым бұл туралы "Алаш айнасы" басылымына берген көлемді сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.  

 — Айналайын, ақсақалдарды қадірлеген, ақсақалдар ақсақалдық сөз айтқан заман қайда? Бірінші ақсақалды қадірлеу де жоқ, екіншіден біз ақсақал боп, ақсақалдық сөз айта алып жүрген жоқпыз.

— Неге айта алмай жүрсіз?

— Лев Толстой мен Шәкәрім хат алмасады. Адам баласы қандай ауыр күнә жасайды деп сұрайды? Сонда Лев Толстой: Сіз бір нәрсені біліп тұрып, соны не бастықтан, не өзіңізге жағдайыңыз қиын болады деп жасырып қалсаңыз, күнәнің ауыры сол  дейді. Ал, біз бастықты тыңдаймыз. Бастықты тыңдамасаң, күн көрісің жоқ, қаңғытып жібереді. Солай бас иіп жүреміз. Қазіргі ақсақалдардың ісі бас ию. Қашан басын тік ұстайтындарын мен білмеймін. Ел ағасы деген жоқтың қасы. Мына кісі ел ағасы деп айтыңызшы сіз. Кім соның сөзін тыңдайды? Елге сөз тыңдата алатын ел ағалары жоқ.


— Бүгінгі руханияттың ақсақалдары, Президентіміз сенім артып отырған зиялы қауым өкілдері, өздеріңіз де кінәлі шығарсыздар?

— Өте кінәліміз. Тура айтатын сөзді айта алмаймыз. Менен бір кісі сұрайды: Осы заманда Абай болса, не істер еді? деп. Мен: түрмеде отырар еді дедім. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ» деген сөздерімен біздің қоғамда қалай өмір сүреді. Біздің қоғамда өсек те, өтірік те көп. Өсек 70-80%. Өтірік болған жерде, қайдағы ақсақалдық сөз. Бұл сөздерді мен айтып отырмын, осылай айта алмайтын менің жасымдағы адамдар жеткілікті. Айтсақ билікке ұнамай қаламыз дейтіндер.

 

Соңғы жаңалықтар